Жарнама
Жарнама

Жасөспірімдердің бағыты — Хорватия мен Босния

01.12.2011, 21:44
Жарнама
Жарнама
Футболдан «Еуро – 2012/13» іріктеу турнирінің аясында Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жеткіншектері өз ойындарын Хорватияда өткізеді. Ал 19 жасқа дейінгі жасөспірімдеріміздің іріктеу турнирі Босния және Герцеговина елінде өтеді. Чех маманы Павел Травник баптайтын 17 жасқа дейінгі жеткіншектеріміздің ойындары келесі жылдың 14 қазаны мен 19 қазаны аралығында Хорватияда өтеді. 12-топқа түскен бозбалаларымыздың қарсыластары алаң иелерінен бөлек, Түркия және Израиль құрамасы болмақ. Айта кетейік, іріктеу турнирінен үздік шыққан 28 команда іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде бақ сынап, оның жеңімпаздары Словакияда өтетін финалдық турнирде «Кәртамыс құрлықтың» үздік ұжымын анықтайды. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынау құқығына ие болады. Сонымен қатар 19 жасқа дейінгі жасөспірімдеріміздің де «Еуро – 2012/13» іріктеу турнирін қай елде өткізетіні белгілі болды. Жерлестеріміз өз ойындарын келесі жылы, қазан айының 11-і мен 16-сы аралығында Босния және Герцеговинада өткізетін болды. Қарсыластарымыз – дода қожайындарынан бөлек, Норвегия және Словакия құрамалары. Автор: Асфендияр Жанаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров