Жарнама
Жарнама

Жастар құрамасы наурызда екі кездесу өткізеді

07.03.2015, 17:30
Жарнама
Жарнама
Қазақстан жастар құрамасының футболшылары наурыз айының соңында екі жолдастық матч өткізеді.  
Саулюс Ширмялис шәкірттері 25 наурызда Хельсинкиде Финляндия жастар құрамасымен, ал 30 наурызда Таллинде Эстония футболшыларымен кездеседі. - Біз скандинавиялық ойын үлгісін дәріптейтін командалармен ойнаймыз, - деп қарсыласты таңдауын түсіндіреді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис. – Финляндия – бұл Норвегия құрамасмының шағын көшірмесі, біз олармен ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде кездесеміз. Дәл осындай ойын үлгісін эстониялық футболшылар да ұсынады. Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2017 іріктеу турнирінде Англия, Норвегия, Швейцария, Босния және Герцеговинамен бір топта ойнайды.   Baq.kz  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров