Жарнама
Жарнама

Жастарымыз доп тебуден қалған ба?

17.01.2013, 07:51
Жарнама
Жарнама
Ал соңғы матчтан кейін «біз бұл жерде оқушы рөліндеміз, біз­ге қалай ережені бұзбай ойнауды үй­ре­туде, қыспаққа алғанда не істеу керек еке­нін де көрсетуде» деп мәлімдеме жасады.
Жексенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Валентин Гранаткин мемориалы – 2013» халықаралық турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, осы додаға қатысқан еліміздің 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы құрамасы жеңілістен көз ашпай, соңғы 16-орынға табан тіреді. Қаңтардың басында Ресей маманы Ми­­хаил Соловьев жаттықтыратын бозба­ла­­ла­ры­мыз Нева жағалауына аттанғанда, бөр­­кімізді аспанға атып, қуанып едік. Өйт­кені құ­рама сапында қазақ жастары бір­ша­ма көп-ті. Қазақстан U-19 құрамасы­ның дені қа­зақ жастарынан жа­сақ­талғанына қуа­нып, атал­мыш доданы асы­ға күттік. Боз­­­ба­ла­ларымыздың әрбір ойы­­нын тағат­сыз тостық. Осы жерде әуелі Қазақстан U-19 құ­рамасының сапына көз жүгіртіп өте­йік: қақпашылар – Михаил Голубничий («Ертіс», Павлодар), Илья Караваев («Сұңқар», Қаскелең); қорғаушылар – Қасымжан Тайыпов («Қай­рат», Алматы), Қуаныш Советов («Қай­рат», Алматы), Ернар Қыдырәлі («Қай­рат», Алматы), Мадияр Нұралы («Та­раз»), Әбілқайыр Исмаилов («Ас­та­на»), Юрий Кузьменко («Ертіс», Пав­ло­дар); жартылай қорғаушылар – Әнуар Жа­­ғыппар («Қайрат», Алматы), Абай Жү­нісов («Астана»), Нұрлан Дайыров («Қай­рат», Алматы), Алтынбек Сапаров («Аты­рау»), Рустам Сахибов («Ақтөбе»), Вла­­димир Воменко («Ертіс», Павлодар); шабуылшылар – Әлішер Сүлей («То­был», Қостанай), Әділ Балғабаев («Ас­та­на»), Біржан Сағындық («Ертіс», Пав­ло­дар), Владислав Морозов («Восток» Өс­кемен).   Жалпы, осымен 15-рет өткен «Ва­лентин Гранаткин мемориалы» ха­лық­аралық турниріне 15 мемлекеттің 16 командасы қатысқан болатын. Олар әуелі төрт топқа тең бөлініп, өзара додаға түсті: «А» тобы Украина – 7 ұпай, Чехия – 5, Әзірбайжан – 4, Литва – 0. «В» тобы Ресей – 5, Словения – 5, Грекия – 4, Латвия – 1. «С» тобы Финляндия – 9, Иран – 6, Түркия – 3, Қазақстан – 0. «D» тобы Санкт-Петербург – 6, Италия – 6, Беларусь – 3, Бельгия – 3.   Қазақстан U-19 құрамасы өз тобында әуе­лі Иран бозбалаларымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды Әлішер Сүлей соқты. Бұл кездесуде біздің құрама сапынан ойынның үздік ойыншысы болып танылған, қақпашы Михаил Голубничий бірнеше рет қарсыластарының қауіпті соққыларын тойтарды. Бұдан кейін Қазақстан U-19 құрамасы Фин­ляндия футболшыларынан 0:1 есе­бімен ұтылды. Негізі, бұл ойында біздің жі­гіттер де бір гол соққан. Алайда тө­решілер оны «офсайдтан соғылды» деп есеп­ке алмай қойды. Біздің құрама са­пынан Әлішер Сүлей матчтың үздік ойын­шысы атанды. «С» тобындағы соңғы матчта Түркия тар­ландарына да шамамыз жетпеді. Есеп – 1:3. Бұл матчтағы жалғыз голды әуелі Рустам Сахибов соқты деп мәлімденіп еді, кейіннен автогол ретінде жазылды. Алтынбек Сапаров біздің жігіттердің арасынан үздік ойыншы болып танылды. Сөйтіп, өз тобында оңды-солды ұты­лып, соңғы орынды саялаған жігіттеріміз тек 13-16-орындар сарапқа салынатын төрттікте сынға түсетін болды. Әуелі Бельгия бозбалаларымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңілістің кермек дәмін тағы татты. Біздің құрама тарапынан матчтың үздік ойыншысы атану мәртебесі Әнуар Жағыппарға бұйырды. Ал жексенбі күні 15-орын үшін Латвия құрамасымен кездесіп, тағы да жеңіліске ұшырады. Есеп – 1:2. Қазақстан U-19 құрамасының аға жат­тық­тырушысы (ұлттық құрамадан басқа жас мөлшеріндегі құрамала­рымыздың бапкерлері ресми түрде осылай аталады) Михаил Соловьев басында «тәжірибеміз аз» деді. Одан соң «төрешілер соққан го­лы­мызды есепке алмады, бірінші ойында біз­дің қақпаға 11 метрлік айып добын беріп, жаза басты» деп ақталды. Бұдан кейін «жігіттердің талабы таудай, бірақ күш-жігерлері жетпей жатыр» деп өз ойын бүкпесіз білдірді. Төртінші ойыннан соң «осыдан екі апта бұрын ғана бас қосып, жиналдық» деп салды. Ал соңғы матчтан кейін «біз бұл жерде оқушы рөліндеміз, біз­ге қалай ережені бұзбай ойнауды үй­ре­туде, қыспаққа алғанда не істеу керек еке­нін де көрсетуде» деп мәлімдеме жасады. Құрама тізгінін қолына алған бапкердің пі­кірлері – осындай. Мүмкін, осы же­ңі­лістер сенім артқан футболшыларымызға да, жауапкершілік жүгін арқалаған аға жаттық­ты­ру­шы­ға да, құрама тізгінін шетелдік маманға ұстатқан бас­шыларға да сабақ болар...
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров