Қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Жасұлан Жұмашев "Аладоп.кз" сайтына Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" - "Олимпия" Любляна арасында болатын қарымта ойынға байланысты болжамын берді. Командалар арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді.
“Меніңше, «Қайрат» дәл қазір қарсыласына қарағанда бабында және осы фактор нәтижеге әсер етуі ықтимал. Одан кейін өзінің алаңында ойнайтынын ескеру керек. Жалпы, «Қайрат» бүгін 2:1-мен жеңіске жетеді деп есептеймін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ел намысын Еурокубоктерде қорғайтын қазақстандық командаларға жеңіс тілеймін! Турнирде барынша алысқа жетулеріне тілектеспін”, – деп ойын түйіндеді жартылай қорғаушы.
”Қайрат” – “Олимпия” Любляна кездесуі бүгін 20:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET