“Атырау” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Қаржы полициясы Департаменттерінің (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) командалары қаржы полициясының майоры А.Б.Жұмабековты еске алуға арналған шағын футболдан спорттық турнирге қатысты.
Үш жыл бұрынғы А.Жұмабековтың қазасы әріптестеріне және жанұясына үлкен, орны толмас қайғы болды. Аймұхамбет Баймолданұлы Алматы облыстық қаржы полициясында қызмет атқарып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қайғылы қазаға ұшыраған. Ағымдағы жылдың 5-мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен А.Жұмабеков II-дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.
Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы Е.Н.Жалмағамбетов жарысқа қатысушыларға «қош келдіңіздерін» жеткізіп, командаларға жақсы ойын, сәттілік және жеңіс тіледі.
Турнир соңында Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша қаржы полициясы департаментінің командалары кездесті. Нәтижесінде, жеңісті Атырау облысы бойынша қаржы полициясы командасы еншілеп, ІІ орын Ақтөбе командасына, ал ІІІ орын Маңғыстау облысына берілді.
Үздік қақпашы атағы Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы командасының ойыншысы А.Исаев, үздік шабуылшы БҚО командасынан Р.Досалиев, ал үздік қор-ғаушы Маңғыстау облысы командасынан Д.Сағындықов деп танылды.
Үздік командалар және ерекше көзге түскен ойыншылар кубоктармен, түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Ережеге сәйкес төрт аймақтан жеңген жеңімпаздар қазан айында Астанада өтетін додада кездеспек.