Жарнама
Жарнама

Жасыл алаңдағы аңыз ойыншылар

26.08.2013, 17:05
Жарнама
Жарнама
Бұл адамдар жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп, осылай атақ дәрежесі көтеріліп қошеметке бөленген. Ең бастысы әрине карьераңды ойдағыдай аяқтап футбол тарихында із қалдыру. Көп адамдардың ықыласына бөленіп қоймай жетістігіңді жар салу. Әрине ең бастысы атақ дәреже емес, жанкүйерді қуанту футболшы үшін ең басты міндет. Міне осындай ыстық ықыластарға бөленген футболшылар туралы айтпақшымыз.
Андреа Пирло, бұл футболшы өз құрамасы үшін, өз командасы үшін барын салып жүрген адамның бірі. Қиын сәтте қолдау көрсетіп команда белестерін бағындыру үшін жаралған адам десекте болады. Бразилияда болып жатқан Конфедерация Кубогінің жолында мексикандықтармен болған ойынды керемет ойын мәнерін көрсетіп айып алаңынан әдемі гол салған болатын. Міне осы матч Пирло үшін Италия құрамасындағы 100-ші матчы болатын. Андреа "алтын допқа" лайықты жанның бірі. Әрқашан миландық "Интердің" жұлдызы болып саналатын, әрі команда ардагері, клубпен 20 жыл ғұмыр кешкен жалғыз адам ол-Хавьер Дзанетти. Аргентиналық аяқ доп шебері 40 жасқа да жақындап қалды. Бет-бейнесі жас жігіттікіндей Дзанетти "Интер" тарихындағы көп белестерді бағындырған жалғыз ойыншы, әрі команданы, әрі Аргентина құрамасын өрге сүйреушілердің бірі болып табылады. сэр Алекс Фергусюн кеткенімен, Райан Гиггз кеткен жоқ, ол әлі де "Манчестер Юнайтедтің" сапында жеңісті жолдарын жалғастырмақ. Футбол тарихында із қалдырған қарт ойыншының бірі. Райан әлі де клубпен бірге үлкен белестерді бағындыруға қауқарлы. "МЮ-дің" тамыры болып саналатын Гиггз осымен 22 жыл өтті клубпен қаншама жетістікке жетті. Гиггз командадағы шабуыл шебін қозғаушылардың бірі. Райанды танымайтын жанкүйер жоқ шығар сірә. Команда тарихында Скоулз бен Гиггз үлкен орын алады. Джейми Каррагер кеткеннен кейін "Ливерпульде" тек жалғыз Стивен Джерард команда символы болып қала бермекші. Джерард "Ливерпульге" келер алдында Стивенге "Челсиде" таласқан болатын. Бұл таласта әрине мерсисайдтық клубты таңдап Ангилия чемпионатын бірнеше бағындырып рекорд жаңартқан болатын. Джерардты "қызылдардың" тірі аңызы десекте болады. "Қызылдарды" жәнеде Англия құрамасын алға тартып жүргендердің бірі. Фрэнк Лэмпард "Челси" клубының тарихында көп гол салған сұрмерген болып қалмақшы. Фрэнк тағы да бұрынғы бапкері Жозе Мауриньомен көптеген белестерді бағындырмақшы. Әрі әлем футбол тарихында нәтижелі футболшы ретінде қалмақшы. Англия құрамасында да жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Тек әлем чемпионатын ұта алмағанына Лэмпард қынжылатынын бірнеше рет айтқан болатын. Икер Касильяс, ең мықты қақпашы екенін әлем мойындаған ол былай тұрсын Буффонның өзі Икердің әлемдегі ең күшті қақпашы екенін мойындаған болатын. Касильяс бар алтынды "Реал"М және Испания құрамасымен алып үлкен атақ дәрежеге көтерілген адамның бірі. Осы маусымда жарақат алған Икерді Мауриньо қосалқы құрамға тастап таланттың бағын аштырмай қойған болатын. Бұл жағдайға жанкүйерлер ғана емес әріптестері де қарсылық білдірген болатын. Касильяс бар болғаны 32-жаста болғанымен қатар осы кезге дейін карьерасында800-матч өткізіп еуропалық қақпашылардың рекордшысы атанған екен. Аллесандро Дель Пьеро "Ювентуспен" 20 жыл бойы болып жанкүйерлердің қошеметіне бөленіп батыр атанған болатын. Туриндік клуб Италиянын В сериясына түсіп қалған кезде командамен бірге болып бірнеше рет рекорд жаңартқан болатын. Дель Пьеро "Ювентустың" аңыз футболшысы бола тұра Италия құрамасымен сол кезде чемпион атанған болатын. Қазірде Алессандро Австралия біріншілігінде доп теуіп жүр. Міне осы адамдар жанкүйерлердің ықыласына бөленіп жүргендердің бірі. Бізде де осындай жанкүйерлердің кошеметіне ие болған Смақов, Жұмасқалиев сындыларымыз бар. Иә олар осылар сияқты үлкен белестерді бағындырмаса да біз үшін тірі аңыз футболшылар болып қалады. Кім біледі бір күндері бізден де осылар сынды аңыз адамдар шығар.Бәрі уақыттың еншісінде. Саламат Оңалдықов
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров