Жарнама
Жарнама

Жасыл алаңдағы ажал

18.01.2014, 01:05
Жарнама
Жарнама
Сырт көзге ешқандай қатерсіз болып көрінгенімен, кез келген мамандықтың белгілі бір түрде өзінің қауіпі бар. Мейлі ол өрт сөндіруші болсын, мейлі еден жуушы болсын. Бұл-футболға да жат емес. Менің таң қалатыным, біреулер футболшы деген мамандық жоқ дейді. Бұл жасыл алаңнан алшақ, кейбір адамдар пікірі болса керек. Бірақ, менің сөз еткелі отқаным бұл емес. ----- Кез келген футболшы карьерасы қауіп-қатерге толы. Жарақат алады, аяғы сынады, тіпті кейбір жарақаттардың денсаулыққа тигізер зияны сонша, футбол ойнау мүмкіндігінен айырылып жатар кездер де жоқ емес. Ал, болашағынан зор үміт күттірер ойыншының, дәрігерлер аузынан: -“енді сен жасыл алаңға шықпайсың”-деген сөз есіту де жас ойыншы үшін оңай тимесі анық. Осындай жағымсыз дүниелер футболдағы ең бір, трагедиялық жағдайлар десек те болады. Бұдан да сорақысы бар. Жасыл алаңдағы ажал. Бұл команда үшін де, отбасы үшін де, тіпті жанкүйерлер үшін де қайғылы оқиға. Ажал аузына іліккен футболшылардың көбі жас. Кришиану Сильва де Лима(24 жасар ойыншының ойын барысында жүрегі тоқтап қалған), Ален Памич(23жастағы футболшының жаттығу кезінде жүрегі сыр беріп, жасыл алаңда көз жұмған) Максим Белый(бұл футболшы да 23 жасар ойыншы. Өткен жылдың қыркүйек айында, миындағы ісігінің зардабынан ажал аузына іліккен.) Айта берсен көп. 21-ші ғасырдың өзінде жасыл алаңда 38 ойыншы көз жұмған. Әлеуметтік желілерде осындай аяқ астынан келетін ажалды бейнелейтін бейнебаяндар қаптап жүр. Өкінішке қарай, мен оның бәрін де көре алмадым. Мәселе интернеттің немесе компьютердің жоқтығында емес. Мына видеобаянды көрген соң, қалғандарын қарауға жүрегім дауаламады. http://www.youtube.com/watch?v=rTrY43_VLR8 Бұл видеобаянды көргенде, мойындаймын, көзімнен жас шыққаны бар. Жүрегіміз тастан емес, еттен жаралған ғой, дегенмен де. 24 жасар Миклош Фехер. Миклош “Витория”-“Бенфика” матчында қаза тапты. Ойынның ортасында жасыл алаңға шығып, қарсылас футболшылармен тайталаса жүріп жығылды, содан соң қайта тұрды. Өзі де қызумен жүріп, ойын тәртібін бұзды. Ажалынан 2 минуттай уақыт бұрын, бас қазыдан ескерту қағазын алады.  Міне, қызық иә? Бұл өміріндегі төрешіден алған ең соңғы сары қағазы екенін Миклош Фехер білген жоқ, әрине. Көп ұзамай футболшы жасыл алаңда сүліктей сұлап жатты. Бұл қасіретті жағдай болатын. Әріптестері оны әрқашанда жүзінен күлкі кетпейтін жан деп суреттеген болатын. Сол күлкі, ажал атты зұлымның таяған шағында да, жүзінен кетпеді. Ажал аузына іліккен футболшылардың барлығы да, әрқашан да ел есінде. Оның ойнаған нөмірі бар жейдені кимейді, матч алдыңдағы үнсіздік, ойыншының суреті клуб кеңсесінде ілулі тұрады, есіміне бір көшені береді. Еске алып қайырылымдылық матчы да өткізіледі. Бірақ көкейімде жүрген сұрақ бар. Осындай арты қайғылы жағдайларды тоқтату мүмкін бе еді? Қарамағындағы футболшының жүрегінде, миында ақау бар екенін дәрігерлер білмеген бе? Немесе біле тұра алаңға шығуына рұқсат берген бе? Сол кезде клуб дәрігерлері немқұрайлы қарамағанда, бәлкім бұл пенделер тірі болар ма еді. Жасыл алаңда, ажал аузына іліккен футболшылардың жаны жәннәтта болсын!     Дайындаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров