Жарнама
Жарнама

Жекеменшікке өткеннен не пайда - ҚПЛ клубтары әлі де мемлекетке қол жая ма? Биыл қазақ футболына қазынадан 30 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінбек

Бүгін, 12:14

ҚПЛ клубтары биыл 25,6 млрд теңгенің тендерін жеңіп алды.

Николай Костов
Жарнама
Жарнама

Ең ірі қаржылай қолдау Петропавлдың «Қызылжар» клубына бұйырды.

2026 жылдың басынан бері ҚПЛ клубтары мемлекеттік қаржыландыру аясында ірі тендерлерді белсенді түрде ұтуда. Қазіргі мәлімет бойынша, жеңіп алынған тендерлердің жалпы сомасы 25,620 млрд теңгеге жеткен ұқсайды. Осы айдың аяғында дейін тағы сегіз конкурс аяқталмақ. Оның қортындысы бойынша кәсіби футболды дамытуға жұмсалатын шығын шамамен 8,656 млрд теңгеге артуы ықтимал. Мұндағы қызық жағдай - ең ірі тендерлер жекеменшік клубтарға тиесілі болып отыр. Мысал үшін Петропавлдың «Қызылжары» үш маусымға 6,3 млрд теңге алады. 2026-2028 жылдары негізгі құрамға 4,3 млрд теңге, сондай-ақ, 1,9 млрд теңге QJ League жүйесіндегі жастар командасына беріледі. Айта кетейік, клуб 2025 жылдың қарашасында кәсіпкер Сергей Канның меншігіне өткен еді. Отандық бизнесменнің дәулеті 470 млн доллар шамасында.

Жекеменшікке өткен алғашқы клубтың бірі «Қайсар» маусым басына облыс бюджетінен 269 млн теңге алды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы қазынасынан бірінші лига мен Премьер-лига командаларын ұстауға арналған 995 млн теңгелік тендердің қорытындысы жуырда шығады.

«Ақтөбенің» Нұрлан Артықбаевқа тиесілі Qazaq Stroy компаниясының меншігіне өткенін білесіздер. Алайда, облыс әкімдігі клубты қаржыландыруды жалғастыруда. Маусымаралық кезеңде «қызыл-ақтар» Луиш Наниді қосқанда бірнеше атышулы трансфер жасады. Алдағы күндері бірінші лигадағы командаға – 282 млн, әйелдер командасына – 258 млн және балалар-жасөспірімдер орталығына 431 млн теңге бөлінетін үш тендердің нәтижесі белгілі болады.

«Каспий» клубы да негізгі, жастар және әйелдер командаларын ұстау үшін облыстық бюджеттен 2,1 млрд теңге алуы мүмкін.

ҚПЛ клубтарының 2026 жылғы мемлекеттік тендерлері:

  • «Қызылжар» – 6,3 млрд теңге (3 жылға)

  • «Ордабасы» – 2,811 млрд теңге

  • «Жетісу» – 2,811 млрд теңге

  • «Елімай» – 2,8 млрд теңге

  • «Тобыл» – 2,693 млрд теңге

  • «Алтай» – 2,213 млрд теңге

  • «Ұлытау» – 1,987 млрд теңге

  • «Оқжетпес» – 1,2 млрд теңге

  • «Ертіс» – 1,034 млрд теңге (оның ішінде 393 млн)

  • «Жеңіс» – 999,9 млн теңге

  • «Қайсар» – 269 млн теңге (күтілетіні – 995 млн)

  • «Атырау» – 129 млн теңге (сонымен бірге 3 жылға 3,5 млрд және 447 млн)

  • «Каспий» — әзірге 0 (күтілетіні – 2,1 млрд)

  • «Ақтөбе» – әзірге 0 (күтілетіні – 971 млн)

  • «Қайрат» – 0

  • «Астана» – 0

ҚПЛ клубтарының дені биыл да мемлекеттік қаржыландыруға арқа сүйеп отыр. Алдағы тендерлердің нәтижесі жарияланған соң, футбол саласына бөлінетін қаржы көлемі одан әрі ұлғая түсуі ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров