"Ордабасы", "Елімай", "Каспий", "Алтай", "Жеңіс" және "Ертіс" клубтары бірігіп, төрешілерге қысым көрсетуді тоқтату туралы арнайы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Eurasia Football сайтының мәліметінше енді футбол алаңындағы шешімдерге сырттан әсер ету немесе әкімшілік ресурстарды пайдалану қылмыспен тең болмақ.
Соңғы уақытта БАҚ беттерінде Қазақстандық төрешілердің жұмысына қатысты дау-дамай өршіп тұр. Осыған байланысты аталған алты клуб төрешілердің шешімін сөзсіз мойындауға және оларға қоғамдық немесе жабық есік артында қысым жасамауға уәде берді. Келісімнің басты мақсаты — қазақ футболындағы ашықтықты қамтамасыз ету.
Бұл келісім танымал футбол менеджері Улугбек Асанбаевтың мәлімдемесінен кейін бірден пайда болды. Ол Серый CARDINAL телеграм арнасына берген сұхбатында сөзден іске көшетін уақыт келгенін айтқан болатын.
"Ереже бұзғандарға өте қатал жаза қолдану керек. Мысалы, футболдан өмір бойына шеттету. Сонда ғана нәтиже болады. Дәлелсіз айып таға бергенше, нақты меморандум жасап, барлық команда қол қоюы тиіс.” — деген Асанбаев.
Маманның пікірінше, Қазақстан футбол федерациясы жанынан келісілген матчтармен күресетін арнайы қоғамдық комитет құру қажет.
Біздің серіктес: FONBET