Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» 32 жастағы маманды бапкер етіп тағайындады

06.05.2022, 22:55
Қазақстандық маман былтыр Премьер-лига клубын баптады.
Жарнама
Жарнама

Елордалық «Жеңісті» 32 жастағы қазақстандық маман Ринат Алюетов тізгіндеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ринат Алюетов бұған дейін Өскемендегі «Алтай» футбол орталығында, кейін «РКС-АЛАШ» клубында қызмет еткен.

2020 жылдың маусым айынан бастап Талдықорғандық «Жетісуды» құрылымында жұмыс істеді. Сол жылы ол өзінің конференциясында «Жетісу-Жастар» командасын екінші орынға алып шықты.

2021 жылдың қаңтарында талдықорғандық клубтың бас бапкері болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен «Жетісу» маусымды соңғы 14-ші орында аяқтап, Бірінші лигаға түсіп қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров