Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» - «Атырау» матчына болжам

21.06.2025, 17:54

«Жеңіс» 12 ойында 10 ұпай жинап, он екінші орында келеді.

Виталий Жуковский
Жарнама
Жарнама

Бүгін «Атырауға» қарсы кездесуде жеңіске жете алса, бірден бірнеше сатыға жоғарылайтын мүмкіндік бар. Бірақ,«мұнайшыларға» да ұпай ауадай қажет. Қос аутсайдердің теке-тіресі қалай аяқталмақ? 

Жаңа бас бапкер келгелі елордалық клубтың жағдайы ақырындап түзеліп қалғандай - екі турда 4 ұпай еншіледі. «Жеңістің» маусымда тұңғыш жеңісін тіркегенін де айта кету керек. Өткен турда елордалық ұжым басынан берекесі қашқан «Тұранды» ұтып, 3 ұпай еншілеп қайтқан. Енді бүгін қатарынан екінші рет жеңіске жетуі мүмкін. 

«Атырауда» да бапкерлік ауыс-түйіс орын алды, бірақ Денис Мамоновтың келуімен жағдай өзгере қойған жоқ. «Атырау» сол ұтылған қалпы келеді (Наурыздың бірінен бері 14 кездесудің 13-де ұтылып, бір матчты тең аяқтаған). Соңғы жаңалықтарға қарағанда, «мұнайшыларға» Виталий Жуковский қайтып келетін сыңайлы. Клубтың жақсы күндеріне куә Беларусь бапкері жағдайды түзей ала ма? Ал әзірге «Атырау» бар жоғы 4 ұпаймен ең соңғы сатыда. 

Біз бұл бәсекеде көп гол соғылмайды деп есептейміз. Болжам - кездесудің жалпы тоталы 2.5-нан кем болады. Fonbet.kz бұған 1.72 коэффициент береді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров