Еуропалық клубтар “Жеңіс” командасы бапкері Андрей Демченкоға жан-жақты қызығушылық білдіруде екен.
49 жастағы маман осы маусым біткен соң, Еуропа чемпионатына кету ықтималдығы жоғары.
Украиндық маманның соңғы нәтижелерін Венгрия, Польша және Кипрдің бірқатар клубтары жіті бақылап жүр екен.
Еске салсақ, “Аякстың” экс-ойыншысы Жеңісті осы жазда тізгіндеген болатын. Содан бері елордалық команда ішкі чемпионаттың 10 кездесуінде бірде-бір жеңіліс таппады.
Айта кетейік, осы маусым барысында сары-қаралар Акис Вавалис пен Пыралы Әлиевті бапкерлік қызметінен босатқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET