Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» бас бапкері: көңіл-күйді түсірмейміз

25.07.2025, 22:02

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турындағы «Жеңіс» пен «Оқжетпес» арасындағы 0:0 есебімен аяқталған ойыннан кейін, астаналық команданың бас бапкері Андрей Демченко кездесуге қатысты пікірін білдірді.

Жарнама
Жарнама

— Бүгін біз өте жақсы ұйымдасқан командаға қарсы ойнадық. Олар біздің ойынымызға қарсы белгілі бір тактиканы таңдады. Бастаманы бізге беріп, қателігімізді күтіп отырды. Оларға да, бізге де бүгін оңай болған жоқ. «Оқжетпестің» жігіттері бізге өз ойынымызды көрсетуге мүмкіндік бермеді деп айтар едім. Олар бүгін өте жанкештілікпен, толықтай беріліп ойнады. Көңіл-күйді түсірмейміз, — деді Андрей Демченко

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: