Белектегі жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын аяқтап кеткен ташкенттік “Локомотивтің” орнына “Жеңіс” ұжымына Астраханның “Волгарь” клубы қарсылас атанбақ, деп жазады Аладоп.кз.
Ресейлік ұжымға қарсы аталмыш кездесу ертең елорда уақытымен сағат 20:00-де басталады. Техникалық себептерге байланысты “Жеңістің” ойынын тікелей эфирде тамашалау мүмкін болмай тұр.
Еске салсақ, елордалық клуб ақпан айында “Уфаға” (0:0 тең ойын), “Шерифке (0:0 тең ойын), “Самгуралиге” (0:1 жеңіліс), “Акронға” (0:5 жеңіліс) қарсы мачтар өткізіп, бағын сынап көрді.
Айта кететіні, “Жеңіс” командасының Түркиядағы екінші ОЖЖ 21 ақпан күні аяқталады. Ал алғашқы жаттығу жиыны 16 қаңтар күні өз бастауын алды.
Біздің серіктес: FONBET