Жарнама
Жарнама

“Жеңіс” ішкі чемпионатта қалу үшін жанталасуда

Елорда ұжымы Қазақстан чемпионатының 20-турында қызылордалық “Қайсарды” минималды есеппен ұтты.

Жарнама
Жарнама

Қарағандыда өткен кездесуде жалғыз гол соғылды. Оның авторы “Жеңіс” ойыншысы Георгий Панцулая атанды. Командаласының қапталдан берген пасын өкшесімен қақпаға қайырып жіберген грузиялық тамаша голымен көзге түсіп қана қоймай, сары-қараларға жеңіс сыйлады.

20-тур қорытындысы бойынша 13 ұпай жинаған “Жеңіс” турнирлік кестеде “Тұранмен” теңесті. 11 және 12 орындарға жайғасқан ұжымдар “Шахтермен” қосылып, Премьер-лигада таласты қыздырмақ.

Айта кетейік, бұған дейін елорда командасы ҚПЛ “Шахтермен” 0:0 есебімен тең тарқасты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: