Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» - «Қайрат» матчының уақыты өзгерді

02.05.2025, 21:31

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы «Жеңіс» - «Қайрат» матчы мерзімінен бұрын өтеді.

Жарнама
Жарнама

Бұл жөнінде футболдан Қазақстан кәсіби лигасы мәлім етті.

Қазақстан футбол лигасы дирекциясының Әкімшілігі «Жеңіс» футбол клубының тиісті келісімімен «Қайрат» футбол клубының ұсынысын қанағаттандырды. 

Нәтижесінде Қазақстан премьер-лигасының 20-туры аясындағы «Жеңіс» - «Қайрат» кездесуін 2025 жылдың мамыр айының 9-на ауыстыру туралы шешім қабылданды. 

Екі команда арасында өтетін Қазақстан премьер-лигасы аясындағы 8-тур ойыны кейінге қалдырылып, ойын күні қосымша хабарланады. 

«Жеңіс» пен «Қайрат» арасындағы ойын 9 мамыр сағат 19:00- де басталады

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: