Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» клубы «Ақтөбе» футболшысын жалға алды

08.07.2025, 20:30

Қазақстандық жас жартылай қорғаушы Дархан Бердібек елордалық «Жеңіс» клубының сапына ауысты. Бұл туралы клубтың Instagram парақшасында ресми хабарланды.

Жарнама
Жарнама

21 жастағы футболшы 2024 жылдың соңына дейін «Жеңіс» клубында ойнайды.

Дархан Бердібек 2004 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ол «Каспий» футбол клубының тәрбиеленушісі. Кәсіби мансабын 2021 жылы «Каспий» жастар құрамында бастаған. Ал 2022 жылдың 20 тамызында Премьер-Лигадағы алғашқы ойынына шықты.

2024 жылдың жазында «Ақтөбе» жастар құрамына ауысып, 2025 жылдың басында негізгі командамен келісім-шарт жасаған болатын. Қазақстан Премьер-Лигасында Дархан екі клуб сапында 33 матч өткізіп, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берген.

Қазіргі таңда «Жеңіс» клубы ҚПЛ турнир кестесінде 15 турдан кейін, 17 ұпаймен 8-орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: