Ішкі чемпионаттың “Жеңіс” пен “Оқжетпес” арасындағы бүгінге жоспарланған жалғыз ойынында 0:0 есебі тіркелді.
Қос команданың ойыны өте сылбыр мәнерде өтті. Алаң иелері “Жеңіс” те, Астанада қонақта болған “Оқжетпес” те 90 минут бойы бір-бірінің қақпасына тек 2 дәл соққы бағыттады. Соның салдары болар, таблодағы есепке мүлдем өзгеріс енбеді. Клубтар тең нәтижеге қанағат етті.
Украиндық маман Демченко баптайтын “Жеңіс” командасы соңғы кездесулерде жақсы қарқын алды. Елорда ұжымы ішкі чемпионатта 8 ойын қатарынан қарсыласқа дес бермей келеді. Клубтың үздік бестікке таласатындай жағдайы бар.
Айта кетейік, “Жеңіс” чемпионаттағы келесі кездесуін 3 тамыз күні “Ақтөбеге” қарсы өткізеді. Ал “Оқжетпес” болса, 2 тамыз күні “Елімайды” қонақ қылады.
Біздің серіктес: FONBET