Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, «Жеңіс» клубы «Қызыл-Жардың» екі ойыншысы Артем Черединов пен Ерасыл Сейітхановты жалға алды.
Қос футболшы да бүгін «Жетісумен» болған ойынға қатысты. Черединов шыға салып гол салды. Бірақ елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ «Жеңіс» жуырда бас бапкер қызметіне талдықорғандық маман Ринат Алюетовты тағайындамақ. 32 жастағы бапкер былтыр «Жетісу» командасын баптады. Бірақ осы маусымның басынан бері жұмыссыз жүр.
«Жеңістің» бас бапкері болған Әли Әлиев бірнеше күн бұрын «Қызыл-Жар» клубын тізгіндеген болатын.
Біздің серіктес: FONBET