Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет отырысында елордада футбол академиясын ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Жеңіс» футбол клубына қатысты елорда әкімдігі заманауи футбол академиясын салу үшін жер учаскесін анықтады. Сонымен қатар активтерді инвесторға беру бойынша заңдық рәсімдер қатар жүргізілуде. Бұл үдерістің 2025 жылдың 15 қарашасына дейін аяқталуы күтілуде.
Инвестиция көлемі шамамен 16 млрд теңгені құрайды.
Айта кетейік, «Жеңіс» клубы биылғы Қазақстан Премьер-лигасында жоғары 6-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET