Елордалық команданың қорғаушысы “Қызылжарға” қарсы мерейтойлы матчын тіркеді.
Кеше Сағи Совет кәсіпқой мансабындағы 100 ресми ойынын өткізді.
Оның командасы ішкі чемпионаттың 21-турында “Қызылжармен” тең тарқасты (1:1).
Қорғаушы елдің жоғары дивизонында 68, Лига Кубогынде 5, Қазақстан Кубогынде 15, Суперкубокте 2 және Бірінші лигада 10 матч ойнады. Сағи 100 ойынның 46 дәл қазіргі “Жеңіс” сапында өткізді.
“Астана” командасының түлегі өз мансабында “Тұран”, “Мақтаарал” және “Жеңіс” клубтарында доп тепті.
Айта кетейік, Совет 2021/22 жылғы маусымда “Астана” сапында Қазақстан чемпионы атанды.
Біздің серіктес: FONBET