"Жеңіс" футбол клубы Грузиялық легионер Элгуджа Лобжанидземен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тараптар арасындағы жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін жасалды. Бұл елордалық ұжымның тәжірибелі шабуылшыға алдағы екі маусымда үлкен сенім артып отырғанын көрсетеді.
Элгуджа Лобжанидзе 2025 жылғы Қазақстан Премьер лигасында "Жеңіс" сапында 11 матчта 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET