Қазақстан Премьер лигасының 24-турында Елордалық "Жеңіс" өз алаңында Түркістанның "Тұранын" қабылдап, нағыз гол фестивалін сыйлады. Қарсылас командалар бір-бірінің қақпасына тоғыз гол соғып, нәтижесінде "Жеңіс" 6:3 есебімен басым түсті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері шабуылға ден қойып, жылдам екі гол соқты. 8 және 16-минуттарда Дінмұхаммед Қараман дубль жасап, командасына сенімді басымдық сыйлады. Кейіннен Всеволод Садовский де өзінің шеберлігін көрсетіп, 20 және 27-минуттарда қос гол соқты. Ал 42-минутта Жиан Мартинс есепті 5:1-ге жеткізді. Матчтың соңына таман Зураб Тевзадзе де көзге түсіп, 88-минутта командасының алтыншы голын соқты.
"Тұран” да қарымта қайтаруға тырысып бақты. 24-минутта Николай Солодовников гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Үзіліске дейін Юрий Перцух (43’) пен Роман Чирков (45+1’) та нәтижелі соққыларымен ерекшеленді. Дегенмен, екінші таймда қонақтардан қайыр болмады.
Бұл жеңістен кейін "Жеңіс" турнир кестесінде өз жағдайын жақсартып, маусым соңына қарай маңызды ұпай жинады. Ал "Тұран” биылғы маусымда Премьер лигада қалу үшін келесі ойындарда барын салуға тиіс.
Біздің серіктес: FONBET