Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» жейдесін тәжірибелі қорғаушы киді

14.04.2025, 17:37

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, астаналық «Жеңіс» босниялық Иван Шараваньямен келісімге келген.

Иван Шараванья
Жарнама
Жарнама

28-жастағы қорғаушының ҚПЛ-де тәжірибесі жеткілікті. Былтыр Шараванья семейдің «Елімайында» топ тепкен болатын. Сондай-ақ, спорттық мансабында «Широки-Бриег», аустриялық «Клагенфурт» және кипрлік «Акритас» Хлоракас командаларының намысын қорғаған. Футболшының нарықтық бағасы 175 мың еуро. 

«Жеңіс» өткен демалыста Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты. Елордалық клуб «Ақтөбеден» айласын асырды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров