Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» жеңіске тек сыйақы берсе жете ме? Елордалық футболшыларға «Астананы» ұтқаны үшін екі есе премия уәде етіліпті

15.05.2025, 15:50

Қазақстан кубогының ширек финалындағы жеңісі үшін «Жеңіс» клубының футболшыларына әдеттегіден екі есе мөлшердегі сыйақы берілмек.  

"Жеңіс" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Бұл турпалы Meta-ratings.kz порталы мәлімдеген. Естеріңізде болса, кеше елордалық дербиде Пиралы Әлиевтің командасы «Астананы» ұтып, Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан болатын. Ойынның негізгі уақытында тең нәтиже тіркеліп 1:1, жеңімпаз матч соңындағы пенальтиде анықталған. Енді «Жеңіс» финалға берілетін жолдаманы «Тобылмен» сарапқа салмақ. Осыған дейінгі кезеңде астаналық ұжым жарыс жолынан «Ақтөбені» тайдырған болатын.

Премьер-лигада «Жеңіс» 8 турдан кейін 5 ұпай жинап, оныншы орынға жайғасқан. Келесі турда Пиралы Әлиевтің командасы «Қызыл-Жарды» қабылдайды. Бұл ойын 18-мамырға жоспарланған.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров