Петропавлдық «Қызылжар» мен астаналық «Жеңіс» Қазақстан Премьер-Лигасының 21-турында кездесті.
Алаң иелері басымырақ прессинг жасап ойнағанымен, қауіпті сәттерді көп жасай алмады. Сондай-ақ олар үзіліске дейін гол жіберіп алды. Айып алаңының ішінен Аслан Әділ алыс бұрышқа дәл соққы жасап, есеп ашты. Екінші таймның басында Анатолий Козленко екінші сары қағаз алып, автоматты түрде қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Осыдан кейін ойын екі тараптан да абайлап өтті. Әйтсе де Самат Жарынбетов алыстан тепкен соққысымен есепті теңестірді. Қорытынды есеп: 1:1.
Осы нәтижеден кейін «Қызылжардың» еншісінде 21 ұпай бар және ол турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Ал «Жеңіс» 28 ұпаймен кестенің ортасында орналасқан.
Айта кетейік, елордалықтар осымер Преиьер-лигада 10 матч бойы ешкімнен жеңілмей келе жатыр. Енді алдағы күнтізбеде «Астана», «Ордабасы», «Қайрат» тұр. Жеңіліссіз серия жалғаса ма екен?
«Қызылжар» — «Жеңіс» 1:1 (0:1)
Голдар: Әділ, 43 (0:1), Жарынбетов 80 (1:1)
Алаңнан қуылған: Козленко 46 («Қызылжар»)
Біздің серіктес: FONBET