Жарнама
Жарнама

“Жеңістің” жаңа белесі – “Әли Әлиевтің тағайындалуы – стратегиялық қадам”

21.12.2025, 20:55

Елордалық "Жеңіс" футбол клубының бас директоры Айдын Қожахмет команданың тізгінін ұстаған жаңа бас бапкер Әли Әлиевке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Өзінің телеграм арнасында жариялаған жазбасында ол бұл таңдаудың кездейсоқ емес, жан-жақты ойластырылған шешім екенін атап өтті.

Клуб басшылығы Әли Әлиевтің келуін команданы дамудың келесі сатысына шығаратын маңызды қадам деп есептейді. Бұл – эмоцияға беріліп жасалған емес, алдын ала жоспарланған шешім.

Басты мақсат — "Жеңісті” жай ғана ортаңқол ұжым емес, ел чемпионатындағы фавориттердің біріне айналдыру.

Жаңа бапкердің алдында ауқымды міндеттер тұр. Айдын Қожахмет жұмыстың оңай болмайтынын, алайда бірлескен күшпен жетістікке жететіндеріне сенім білдірді.

"Бұл шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын уақыт көрсетеді. Әли Ханалыұлы өз ісімен, атқарған жұмысымен барлық сұраққа жауап береді деп сенеміз. Бізде аяқасты қабылданған шешімдер жоқ, тек нақты жоспар бар." — деді бас директор.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров