Қазақстан Премьер-Лигасының 23-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдады.
Бірінші таймда гол соғылмаса да, қос тарап та қауіпті сәттер ұйымдастырды. Екінші кезеңде ойын шиеленісе түсті. 71-минутта Ұлар Жақсыбаев алыстан соққы жасап есеп ашты. Екі минуттан кейін Муроджон Халматов пенальтиден мүлт кетпей, есепті еселеді. Қонақтар тарапынан 90-минутта Адильо гол соққанымен, есепті теңестіруге шамалары жетпеді.
Айта кетейік, «Жеңістің» осы уақытқа дейін жеңіліссіз сериясы 11 матчты құраған болатын.
Бұл нәтижеден кейін «Ордабасының» ұпай саны 31-ге жетіп, команда турнир кестесінде «Жеңісті» қуып жетті.
«Ордабасы» — «Жеңіс» 2:1 (0:0)
Голдар: Жақсыбаев 71 (1:0), Халматов (пен.) 73 (2:0), Адильо 90 (2:1).
Салынбаған пенальти: Лобжанидзе 87 (қақпашы қайтарды).
Біздің серіктес: FONBET