“Спортинг” шабуылшысы кеше Шерхан Қалмырза қорғаған қақпадан саңылау тапқан болатын.
18 жастағы ойыншы кешегі матчтың 68 минутында ерекшеленіп, өз командасының 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетуіне көмектесті.
Гол соғау арқылы Кенда Чемпиондар Лигасы тарихында гол соққан ең жас португалдық атанды (18 жас, 141 күн).
Айтпақшы, 2024 жылы Жеовани Португалия Чемпионатында дебют жасап, “Спортинг” тарихындағы ең жас футболшы саналған болатын. 17 жасында кәсіби деңгейде өнер көрсеткен Кенда 22 жасында Лиссабон клубында алғаш рет өнер көрсеткен Криштиану Роналду рекордын бұзды.
Ендігі кезекте Кенда және оның командасы 2 қазан күні Неапольда “Наполимен” бақ сынасады.
Біздің серіктес: FONBET