Жарнама
Жарнама

Жер планетасындағы ең қымбат футболшылар кімдер?

09.06.2020, 08:11
ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат футболшысы атағынан түсетін түрі жоқ.
Жарнама
Жарнама

Халықаралық спорт сараптама орталығы осылай деп мәлімдеме жасады. Коронавирустың кесірінен футбол әлемінде қаржылық дағдарыс орнады. Сондықтан Мбаппенің трансферлік құны €259 млнға түсіп кетті. Париж клубымен форфардтың келісімі 2023 жылы аяқталады. Мбаппе биыл 33 матчқа қатысып, 30 гол салып, 17 нәтижелі пас асырыпты.

Одан әрі ең қымбат ойыншылар тізіміне Англия құрамасының 4 ойыншысы енді. Олар: "Манчестер Сити" мықтысы Рахым Стерлинг, "Боруссия" сапында бұрқыратып гол соғып жүрген Джейдон Санчо, "Ливерпуль" қорғаушысы Трент Александр-Арнольд  және Маркус Рэшфорд (€152 млн). Одан әрі төмен сырғысақ, мысырлық Мохамед Салах (€144 млн) және Сенегал серкесі Садио Мане (€139 млн). Ал француз Антуан Гризманн (€136 млн), "Бавария" қорғаушысы канадалық Альфонсо Дэвис (€133 млн) және адуынды Харри Кейндер (€118 млн) сәл төмен орналасыпты.

«Барселонаның» аргентинадан алдыртқан шабуылшысы Лионель Месси бұл тізімде небәрі 21-орында. Ал 62 миллион еуроға бағаланған Криштиану Роналду 70-орыннан бір-ақ шықты. Ол ТОп 100 қатарына кірген жасы ең егде ойыншы. Португал ойыншысы осы ақпанда 35-ке толды. Бірақ, ол трансферлік құнының түскеніне аса қатты ренжи қойған жоқ. Себебі, сұрмерген өткен жылы 105 миллион еуро көлемінде табыс тапты.

Соның арқасында ол миллиард доллар тапқан алғашқы футболшы болып тарихқа енді. Оған дейін жалпы спорт әлемінде тек Тайгер Вудс пен Флойд Мейвезер ғана осы межені бағындырған еді.

Португал аңызы Еуропа чемпионы, Чемпиондар лигасын 5 рет жеңді және «Алтын доп» жүлдесін де 5 рет алды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Келесі жаңалық
Мюллердің рекорды