Жарнама
Жарнама

Жерар Гоу Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

19.01.2022, 22:20
Тәжірибелі шабуылшы қазақстандық клубта қаралымнан өтуде.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу «Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Айта кетерлігі, тәжірибелі шабуылшы артық салмақпен (106 келі) келген көрінеді.

Владимир Муханов бастаған команданың бапкерлер штабы влдағы уақытта оның «Ақтөбедегі» болашағына қатысты нақты шешім қабылдайтын болады.

33 жастағы шабуылшы 2014-2018 жылдар аралығында «Қайраттың» намысын қорғады. Алматылық клуб сапында 121 ойынға қатысып, 91 гол мен 24 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Жерар Гоу «Қайраттан» кеткеннен кейін Түркия мен қытайлық клубтарда өнер көрсетті. Бірақ өткен жылдың шілде айынан бері клубсыз жүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров