Жерар Гоудың орнына кім шығады? Диего Марадона! - Владимир Вайсс
30.07.2015, 16:46
Жарнама
Жарнама
Қайраттың бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс Еуропа Лигасындағы қарсыласы Абердинге қарсы қалай ойнайтындықтарын айтты.
-Біз ойынды тағатсыздана күтудеміз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Абердин- үлкен тарихы бар команда. Ол командада Алекс Фергюссоннның өзі жұмыс жасаған. Біз шотландық командаға құрметпен қараймыз. Менің ойымша, бұл ойында фаворит - жоқ. Мүмкіндік 50 де 50.
-Ертеңгі ойында Жерар Гоу мен Риера ойнай ма?
-Көреміз.Онсыз да қарсыластарымыз бәрін біледі.
-Сонда да ертең Гоу шыға ала ма?
-Мен бәрін айттым. Тағы не айтайын - құрама туралы ма?
-Гоудың орнына кім шығады?
-Басқа шабуылшы.
-Кім?
-Диего Марадона!
-Гоу қонақтағы ойынға шығады ма?
-Иә, үміттенемін
-Абердиннің ойыны туралы не айта аласыз?
-Олар ағылшындық мәнерде ойнайды. Физикалық дайындықтары өте мықты 120 пайыз. Олармен ойнау оңай емес.