Жарнама
Жарнама

Жерар Гоуға көрші елдің клубтары қызығып отыр

27.05.2015, 02:20
Жарнама
Жарнама
Чемпионат.com порталының жазуынша "Қайрат" шабуылшысы Ресейге ауысуы мүмкін. Ресей Премьер-Лигасының бірнеше клубтары ивуарлық футболшыға қызығып отыр. Жерар Қайрат сапында осы маусымда 13 ойын өткізіп, 12 рет гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұр. Порталға сенсек, Ресей чемпионатының белді командалары Гоуды өз сапында көргісі келеді екен. Естеріңізге сала кетсек, қара құрлықтан келген аяқдопшы бұған дейін көрші елде өнер көрсеткен еді. 2013-ші жылы "Краснодарға" ауысып, бірнеше ойында бір мәрте ғана мергендігімен танылған болатын. Бірақ, негізгі құрамға ене алмай, бақ іздеп Алматыға келген еді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров