Жарнама
Жарнама

Жерар Пике: «Барселона» президенті болуды армандаймын»

29.11.2020, 01:54
Пике ауыр жарақатына байланысты жарты жыл бойы алаңға шыға алмауы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

"Барселонаның" қорғаушысы Жерар Пике болашақта каталондық клубтың президенті болғысы келетінін мойындады.

"Мен алдағы сайлауға қатыса алмаймын, өйткені әлі футболшымын. Болашақта не болатынын ешкім білмейді. Мен осы клубтың жанкүйерімін. Өзімнің клубыма қолымнан келгенше көмектескім келеді. Мен болашақта "Барселонаның" президенті болуға дайынмын деп ойлаймын. Олай болмаған жағдайда, мен үміткер ретінде ұсынылмаймын. Болашақта бұл мәселені шешемін, бұл менің арманым, бірақ мен оны орындай аламын ба, білмеймін", - деді Пике Marca-ға берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Пике Ла Лиганың 10-шы турында "Атлетико Мадридпен" болған матчта жарақат алды (0:1). Кездесудің 62-минутында қорғаушының орнына Серджиньо Дест шықты. Пике алған жарақатының әсерінен 4 айдан 6 айға дейін командасына көмектесе алмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров