Кеше футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындарының жеребесі тартылды.
Елордадағы «Астана-Арена» стадионының баспасөз орталығында тартылған жеребеден соң ел кубогының жартылай финалындағы командалар жұбы анықталды. Сөйтіп, екі жұп төмендегідей болды:
«Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент),
«Ертіс» (Павлодар) – «Тобыл» (Қостанай).
Бірінші ойындар 3 қараша күні жоғарыдағы жұптарда бірінші жазылған командалардың алаңында, яғни Тараз бен Керекуде өтеді. Қарымта кездесулер 8 қараша күні Шымкент пен Қостанайда өтетін болады. Осы екі матчтық додада басым түскен екі команда финалға шығады. Ақтық ойын 13 қарашаға белгіленген.
Дереккөз: alashainasy.kz