Жарнама
Жарнама

Жеребе жолдас болмады

21.06.2022, 05:43
Қазақстанның футбол клубтары жуырда Еуркубок ойындарына қатысады. Кеше жеребе тарту рәсімі өтіп, барлық қарсыластар белгілі болды. Ендеше сараптап көрсек, кімнің жолы болар екен?
Жарнама
Жарнама

Ең алдымен, турнирлердің төресі – Чемпиондар лигасынан бастасақ. Қазақстан атынан қатысатын «Тобыл» венгрияның «Ференцварош» футбол клубына қарсылас атанды. Алғашқы ойын 5 шілде күні Қостанай қаласында өтеді. Жауапты ойын болса 12 шілде күні Будепештте өтеді. «Ференцварош» командасының бас бапкері ресейлік маман Станислав Черчесов екенін де айта кетейік. Өткен жылы бұл команда Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Соңғы 6-тур матчында венгриялықтар өз алаңында «Байер» Леверкузен командасынан басым түсті. Ал оның алдында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. Сондықтан да, Мажарстанның чемпионы теке тірестің анық фавориті. Жалпы «Тобыл» Чемпиондар лигасының алғашқы айналымынан шығып қалған күннің өзінде Конференция лигасының екіншіші іріктеу кезеңіне жолдама алатынын да айта кетейік. «Ференцвароштан» жеңілсе «Тобыл» Конференция жарысында «Шкупи» - Линкольн» жұбының жеңіліп қалған командасына қарсылас болады. Егер «Тобыл» сенсация жасап, «Ференцвароштан» басым түссе, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Слован» Братислава – «Динамо» Батуми жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Конференция лигасы жарысында ел намысын 3 клубымыз қорғайды. Еурокубок ойындарында ел абыройын асқақтатып жүретін «Астанаға» Польша мемлекетінің клубы «Ракув» түсті. Бұл клуб өткен жылы тамаша маусым өткізді. «Судува» және «Рубин» Қазан клубтарын жарыстан тайдырып, Конференция лигасының 4-айналымына дейін жетті. Онда Бельгия елінің «Гент» клубнан айласын асыра алмады. Дегенімен, халықаралық жарыстарда ойнау тәжірибиесі тұрғысында «Астана» «Ракувке» қарағанда мықтырақ. Елордалық клуб алғашқы айналымнан іркілмей өтеді деп болжап отырмыз.

Тағы бір командамыз «Қайрат» Венгрияның «Кишварда» клубына қарсылас атанды. Алғашқы матч 21 шілде күні Алматыда өтеді. Өткен жылы Венгрия чемпионатының күміс жүлдегері атанған бұл клуб еурокубокте өнер көрсетіп жүрген жоқ. Сондықтан да, Кирил Кекер баптайтын «Қайраттың» келесі айналымға шығып кететін тамаша мүмкіндігі болып тұр.

Ал үшінші клубымыз «Қызыл Жар» Конференция лигасының үшінші айналымына өте алмайтын секілді. Себебі, жеребеде оған «Осиек» командасы түсіп қалды. Хорватияның белді клубтарының бірі «Осиек» жылма жыл еурододаларда ойнап жүрген команда. Құрамында қазақ жанкүйерлеріне таныс екі ойыншы бар. Ласло Кляйнхайслер мен Михрет Топчагич кезінде «Астана» мен «Шахтер» сапында доп тепкендер. Еурокубок жарысына алғаш рет қатысқалы отырған «Қызылжардың» шамасы хорват клубына жете қоймас. «Қызылжардың» қазір ішкі біріншіліктегі жағдайының өзі адам шошырлықтай. Әли Әлиев баптайтын бұл команда осы жерден жарысты аяқтайтыны анық.

Ермұхамед Мәулен

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров