Жарнама
Жарнама

Жеребеде жолы түйісуі мүмкін командалар

13.12.2013, 22:24
Жарнама
Жарнама
Чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне шыққан 16 командамен бәріміз таныс болдық. Енді оларды жеребе арқылы 1/8 финалдағы қарсыластарын анықтау барысы күтіп тұр. Жеребе тарту рәсімі 16 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Жеребе алдындағы себеттері де бізге белгілі. Себеттер топта алған орындарына қарай жасалды. Топта бірінші орын алған командалар бірінші себетке, екінші орын алған командалар екінші себетке бөлінді. Бірінші себет: «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Реал» (Испания), ПСЖ (Франция), «Бавария» (Германия), «Челси» (Англия), «Боруссия» (Германия), «Атлетико» (Испания), «Барселона» (Испания). Екінші себет: «Байер» (Германия), «Галатасарай» (Түркия), «Олимпиакос» (Греция), «Манчестер Сити» (Англия), «Шальке-04» (Германия), «Арсенал» (Англия), «Милан» (Италия), «Зенит» (Ресей). Соқыр жеребенің кімді-кімге жолықтыратынна өзімізше талдау жасап көрейік. Біз бұнда, бір елден келген және бір топтан шыққан командалардың 1/8 финалда жолы түйспейді деген ФИФА-ның ережесін негізге алып отырмыз. ..................................................................................................................................... 1.«Манчестер Юнайтет» Англияның қарт құрамасына қарсылас атануы мүмкін командалар: «Галатасарай», «Олимпиакос», «Зенит», «Милан», «Шальке-04». «Қызыл сойқандар» үшін жағдай өте тиімді. Қарсылас атануы мүмін командалардың ішіндегі тегеуріндісі саналатын «Миланға» кездесу мүмкіндігі 20% ғана. ...................................................................................................................................... 2. «Реал Мадрит» «Шальке-04», «Байер», «Олимпиакос», «Манчестер Сити», «Арсенал», «Милан» командаларының бірі мадриттіктерге қарсылас болады. «Королдық команданың» тәлейі мәз емес. Алпауыт командаға жолығу мүмкіндігі 42.9%. ...................................................................................................................................... 3. «Бавария» Былтырғы чемпионмен жолы түйісуі мүмкін командалар: «Олимпиакос», «Зенит», «Галатасарай», «Арсенал», «Милан». Тегеуріді қарсыластар саналатын «Арсенал» немесе «Миланмен» кездесу мүмкіндігі 40%. ...................................................................................................................................... 4. «Челси»  «Олимпиакос», «Зенит», «Галатасарай», «Байер», «Милан» командаларының бірімен жолы түйіседі. Моуриньюдың командасының да жолы жеңіл болуы мүмкін. Күшті қарсылас «Миланға» жолғу мүмкіндігі 20%. ...................................................................................................................................... 5. «Барселона» «Олимпиакос», «Зенит», «Галатасарай», «Байер», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Шальке-04» командаларының бірімен кездеседі. Месси бастаған жігіттерге «Арсенал» мен «Манчестер Сити» қауыпты қарсылас саналады. 40% мүмкіндік осы екеуімен жолықтырады. ...................................................................................................................................... 6. «Арсенал» Арсен Венгер шәкірттеріне тек алпауыт командалармен алысуға тура келеді: «Реал», ПСЖ, «Бавария», «Атлетико», «Барселона». Биылғы чемпиондықтан басты үміткер саналатын «Реал», «Бавария», «Барселона» үшеуінің бірімен кездесу мүмкіндігі 60%. ...................................................................................................................................... 7. «Манчестер Сити» Бұл команда да тек күштілермен күш сынасатын болады: «Атлетико», «Барселона», «Реал», ПСЖ, «Дордмунд». Испания командаларына кездесу мүмкіндігі 60%. Қуанышхан ӨМІРХАН  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров