Жарнама
Жарнама

Жереми Манзорро «Тобылға» қайта оралды

31.07.2021, 15:39
Неманья Николич кеткеннен кейін командада бір легионердің орны босады.
Жарнама
Жарнама

29 жастағы француз жартылай қорғаушысы Жереми Манзорро қостанайлық «Тобылға» қайта оралды.

21 шілдеде ойыншы ҚКФЛ ресми сайтындағы қостанайлық команданың тізімінен шығарылған еді, бірақ 29 шілде күні Жереми қайтадан тізімге енгізілді.

Франциялық «Реймс» клубының түлегі Премьер-лигадағы дебютін 2019 жылы «Ертіс» сапында жасады. Жалпы ол павлодарлық клубта 26 матч өткізіп, 6 гол соқты. Ол өткен маусымды «Шахтер» құрамында бастады (3 матч, 1 гол). Ал «Тобыл» жейдесінде 28 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров