Жарнама
Жарнама

Жеті ойын қатарынан жеңілмей келеді? «Оқжетпес» бапкері «Жеңістің» қарқынына тәнті бірақ бәрібір өз командасына үміт артады

22.07.2025, 09:47

Көкшетаулық «Оқжетпестің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов келесі турдағы қарсылас «Жеңіс» жайлы ойын ортаға салды.    

"Елімай" - "Жеңіс" кездесуі
Жарнама
Жарнама

- Келесі турдағы қарсыластарыңыз оңай емес  - «Жеңіс» жеті ойын қатарынан жеңілмей келеді... Ойыңыз келесі қарсыласта шығар?

- Дұрыс айтасыз, бар ойымыз қазір «Жеңісте». Қазіргі қарқынына қарасақ, өте азулы қарсылас. Бірақ, біз олардан қорықпаймыз. «Жеңіспен» де ойнауға болады. Жаңа бапкер жақсы бір серпіліс берді ме... Негізі біріншіліктің басында жігіттерге айтқам, «осы «Жеңістің» жинағаны жақсы команда болуы тиіс, тәуір ойын көрсететін болады» дегем. Сол команда міне енді-енді ашылып келе жатыр-ау деймін. Жеті ойын жеңілмей келе жатыр дейсіз бе? Ол да әрине, үлкен жұмыстың жемісі шығар. Футболшылардың ойынға деген талпынысы, сол клубта жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің еңбегі. Біз мұның барлығын ескереміз. Адильо, ортадағы Қараман, Қуаттар да жақсы ойнап жүр. Тағы Сағи Советті, елордалықтар сапындағы тағы да басқа қазақ жігіттердің ойынын айтып кетуге болады. Сенімділіктері артқаны байқалады. Алдыңғы шепте ондай бір нәтижелі емес еді, қазір шабуылда да көп гол салып жүр. Ал біз дайындаламыз және ешкімнен қорықпаймыз. Осал тұстары бар әрине, оны бірақ қазір айтпай-ақ қояйын. Оны матч барысында өздеріңіз де көре жатарсыздар. Ең бастысы өзіміздің ойынымызды түзеп, жетілдіріп, құштарлықпен, жүрекпен ойнасақ, барлығы дұрыс болады деп ойлаймын. Ал ары жағы қалай болады, оны ойын көрсетеді. Жақсы қарсылас, қызық ойын болады».

«Оқжетпес» ҚПЛ-дің 17 турынан кейін 5-сатыға жайғасуда. Көкшетаулық клуб еншісінде 27 ұпай. «Жеңіс» 23 ұпаймен 7-орында тұр.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров