Жарнама
Жарнама

“Жетісай” шабуылшысын қайтарып алды

Рамазан Абылайхан Түркістан облысы ұжымының намысын қорғайтын болып шешті.

Жарнама
Жарнама

23 жастағы ойыншы маусымның басын “Ұлытау” командасында бастаған болатын. Премьер-лига дебютанты сапында ол 18 матч өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. Клубқа жаңа футболшылардың келуімен Рамазан “Ұлытауға” керексіз болып қалды. Осы сәтті пайдаланған “Жетісай” өткен маусым сұрмергенін ұжымға қайта шақыртты. 

Абылайхан Түркістан облысы клубында 2022/23 жылғы маусымда 22 матч өткізіп, 12 гол соқты. Сол арқылы жергілікті жанкүйлердің сүйікті ойыншысына айналды. 

Ерлан Шойтымов баптайтын “Жетісай” Бірінші лиганың турнир кестесінде 20 ұпаймен 8 орында келеді. 

Бір қызығы, осыдан бірер апталар бұрын дәл осы “Жетісайдан” “Ұлытауға” Даниэл Мәуленов ауысып барған болатын. Ол жайында да біздің портал тоқталған еді. 

“Жетісай” ойыншысы мансабын басқа командада жалғастырады

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: