Жарнама
Жарнама

«Жетісу» Бауыржан Тұрысбек пен Александр Кислицынның командадан кеткенін мәлімдеді

14.05.2021, 00:43
Бұған дейін қос футболшы командаластарымен төбелесті деп айыпталған болатын.
Жарнама
Жарнама

Талдықорғандық «Жетісу» Александр Кислицын мен Бауыржан Тұрысбектің клубтан кетуі туралы мәлімдеме жасады, сондай-ақ Премьер-Лиганың оныншы турында «Ақтөбеге» қарсы өткен матчтан (1:5) кейінгі жанжал туралы ақпаратқа түсініктеме берді,

«Кейбір БАҚ өкілдері Александр Кислицын мен Бауыржан Тұрысбек командаластарымен төбелескені үшін клубтан кетті деп жазды. «Жетісу» ФК ойыншылардың шынында да командадан кеткенін мәлімдейді, дегенмен, қақтығыс туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

35 жастағы Александр Кислицын Премьер-лиганың жетінші турында «Қызыл-Жармен» болған матчта алған жарақатының қайтадан сыр беруіне байланысты командадан кетті. Екі тарап та келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады, өйткені ойыншының қалыпқа келуіне ұзақ уақыт кетеді.

29 жастағы Бауыржан Тұрысбек маусымның басында біздің командаға қосылды. Бастапқыда ойыншы мен басшылық арасында егер футболшы командадан кеткісі келсе, Бауыржан келісім-шартты еш қиындықсыз бұза алады деген келісім болған. Ойыншыға Азия чемпионатында өнер көрсететін клубтардың бірінен ұсыныс түсті», - деп жазады талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров