Жарнама
Жарнама

«Жетісу» беларуссиялық футболшылармен қош айтысты

18.01.2021, 19:17
Клубта Беларусь құрамасының бес ойыншысы доп тепкен еді.
Жарнама
Жарнама

Өткен маусымда "Жетісу" сапында ойнаған бес беларуссиялық футболшы да командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

31 жастағы Егор Зубович өткен маусымда 18 матч өткізіп, 1 гол соққан және 2 нәтижелі пас берген.

26 жастағы жартылай қорғаушы Вадим Побудей 14 матч өткізіп, 1 гол соқты, 1 голдық пас берді.

29 жастағы қорғаушы Андрей Залеский 13 матчқа қатысып, 1 голды қанжығасына байлады.

Екі маусымда 31 жастағы қорғаушы Никита Наумов "Жетісу" сапында 46 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар команданы 16 рет капитан ретінде алаңға бастап шықты. Наумов ресми түрде "Динамо Минск" командасына ауысты.

29 жастағы қорғаушы Андрей Лебедев "Жетісу" сапында үш маусымда 36 матч өткізді. Ол "Витебск" клубының ойыншысы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров