30 жастағы беларуссиялық қорғаушы Илья Колпачук талдықорғандық "Жетісумен" келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Қорғаушы "Жетісу" клубына еркін агент ретінде қосылды.
2017 жылға дейін Колпачук өз елінде, оның ішінде "Динамо Брест" пен "Городеяда" ойнады. 2017-2018 жылдары Колпачук Литваның "Атлантас" және "Жальгирис" командасында өнер көрсетті. Соңғы екі маусым бойы ол "Рух" клубының намысын қорғады.
Айта кетейік, өткен маусымда "Жетісу" беларуссиялық футболшыларға көбірек сенім артқан еді. Талдықорғандық клуб сапында Беларуссияның бес бірдей ойыншысы доп тепті.
Біздің серіктес: FONBET