Жарнама
Жарнама

“Жетісу” Бірінші лиганың үздік сұрмергенімен қош айтысты

Ресейлік шабуылшы Руслан Болов талдықорғандық “Жетісу” құрамынан кетті.

Жарнама
Жарнама

Өткен жылы волгоградтық “Ротордан” Талдықорған ұжымына ауысып келген Боловтың еңбек шарты аяқталыпты. 

30-дан асқан футболшы Самат Смақов жаттықтыратын командада 16 матч өткізіп, 4 гол соқты. 

Болов Волгоград ұжымына ауыспастан бұрын, “Оқжетпес” намысын қорғады. Көкшетау ұжымында өнер көрсеткен шабуылшы бір маусым қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік шабуылшысы мен чемпионы атағына қол жеткізді (24 гол).

Ресей, Өзбекстан және Беларусия чемпионаттарын көрген Боловтың Қазақстанда қалу-қалмауы әзірге белгісіз. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: