Жарнама
Жарнама

ЖЕТІСУ» ЧЕМПИОННАН ОЙСЫРАЙ ЖЕҢІЛДІ

10.07.2012, 06:07
Жарнама
Жарнама
   Былтырғы біріншіліктің вице-чемпионы талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында ел чемпиондары «Шахтерді» қабылдады. 16-турдың кейінге қалдырылған кездесуі алаң иелері үшін күтпеген нәтижемен аяқталды. Әрине, Евродода сынына қатысып жатқан ұжымның күйрей жеңілуі өкінішті. Алдымен ойынның басында қонақтар тез есеп ашып алды. Жамбыл Көкеевтің пасынан кейін Станислав Лунин талдықорғандықтардың ойынды ортадан бастауына мәжбүр етті. Алайда «Жетісу» де тез жауап қата алды. Тоблодағы есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерлердің үмітін жандандыра түскен – Михайлов. Бірінші тайм аяқталар сәтте Михайловтың өзі сол үмітті су сепкендей басып тастады. Чемпиондардың су жаңа ойыншысы Сергей Гридиннің алаңға асырған добын Михайлов өз қақпасында тулатты. Алаң иелерінің осы сыйлығынан кейін, «кеншілер» екінші таймда бас көтертпеді. Логиновскийге допты өз қорғаған қақпасынан үш мәрте алып шығуға тура келді. Алдымен 69-минутта Вичюс есепті 3:1-ге дейин жеткізсе, Вишняков 87-минутта есептегі басымдықты ұзата түсті. Араға үш минут салып Махамбетов ойынға нүкте қойды. Есеп – 1:5. Бейсенбі күні Европа Лигасында «Лех» командасына қарсы қарымта матчын өткізетін «Жетісу» үшін бұл ойын үлкен сабақ болды деп үміттенейік. «Лехтің» де «кеншілер» көрсеткен ойынды көрсетуі мүмкін емес пе?! Есет ТӨЛЕШ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров