Жарнама
Жарнама

«Жетісу» да жеңіледі екен

14.09.2011, 05:04
Жарнама
Жарнама
Футболдан Қазақстан чемпионатының 26-туры көрермендерге күтпеген нәтижелер сыйлады. Бірақ турнир кестесіне еш өзгеріс енген жоқ. Ең қызығы, үш көшбасшы, яғни «Жетісу», «Астана» және «Шахтер» жабылып жүріп жалқы ұпайға қол жеткізді. Көш басындағы Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубынан ұтылып қалса, «Ақтөбе» елорданың «Астанасын» қабылдап, соңғы минутқа дейін жеңіп жатқан. Бірақ Нұрбол Жұмасқалиевтің айып добы есепті теңестіріп кетті. 26-турдың нәтижелері: 1-6 орындар: «Жетісу» (Талдықорған) — «Ордабасы» (Шымкент) – 1:2 Голдар: Бакаев, 20 – Бабатунде, 15. Мвесигва, 50. «Ертіс» (Кереку) — «Шахтер» (Қарағанды) – 2:1 Голдар: Мальцев, Шабалин, 42 – Финонченко, 14. «Ақтөбе» — «Астана» – 1:1. Голдар: Хайруллин, 38 – Жұмасқалиев, 90. 7-12 орындар: «Тобыл» (Қостанай) — «Қайсар» (Қызылорда) – 2:1. Голдар: Малышев, 23. Бекрич, 89 – Црнагорац, 88. «Восток» (Өскемен) — «Қайрат» (Алматы) – 0:0 «Атырау» — «Тараз» – 0:1 Гол: Йованович, 38. Ойынның 38-минутында Леон Мира алаңнан қуылды. Автор: Аспендияр Жұмаділ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров