Жарнама
Жарнама

«Жетісу» екі қазақстандық қорғаушымен толығуы мүмкін

16.02.2021, 03:57
Шабаев бұған дейін де «Жетісуда» ойнаған.
Жарнама
Жарнама

Екі қазақстандық қорғаушы - Андрей Шабаев пен Рафкат Аслан «Жетісудың» оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бүгін 34 жасқа толған Андрей Шабаев өткен маусымда «Ордабасы» клубында ойнады (2 матч). Сонымен қатар ол «Қазақмыс» (25 матч), «Восток» (11 матч), «Тараз» (35 матч), «Жетісу» (21 матч), «Ақжайық» (26 матч), «Қызыл-Жар СК» (16 матч) және «Атырау» (30 матч) командаларында өнер көрсетті. Жалпы ол Премьер-лигада 166 матч өткізген.

27 жастағы қорғаушы Рафкат Аслан өткен маусымда «Каспий» сапында ойнады (11 матч). Бұған дейін ол «Тобыл» (34 матч), «Ақтөбе» (14 матч), «Атырау» (12 матч) және «Ертіс» (27 матч, 1 гол соққан) клубтарының намысын қорғаған. Премьер-лигада 98 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров