Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубының алдағы жоспарлары мен қаржыландыру көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылы мемлекеттік бюджеттен клуб қажеттіліктеріне 2 423 491 379 теңге бөлінбек.
Бұл қаражат тек негізгі құрамның ойыншыларына ғана емес, сонымен қатар өңірдегі футболдың болашағына — балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталады.
Клубқа қолдау көрсету — аймақтағы спорттық деңгейді сақтауға және жанкүйерлердің сүйікті командасына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бюджеттің бір бөлігінің балалар футболына бөлінуі — жергілікті жастардың үлкен спортқа қадам басуына жол ашады.
Біздің серіктес: FONBET