«Жетісу» футбол командасы биыл Қазақстан чемпионатында екінші орын алғаны үшін Т30 млн-нан астам қаражат алды, деп облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Облыс әкімі Ансар Мұсаханов бейсенбі күні футбол командасының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты рәсімде футболшыларға күміс медальдар мен Т30 млн 900 мың теңгеге сертификат табыс етті», - деп баспасөз қызметінен хабарлады. А. Мұсаханов атап өткендей, команданың жетістігі - бапкерлікке шетелдік мамандарды емес, жергілікті өз мамандарды тартудың арқасында мүмкін болды. Былтырдан бастап команданы, кезінде өзі осы командада ойнаған, Асқар Қожамбергенов басшылыққа алды. Дәл соның өзі командаға аудандық командалардан және жергілікті жасөспірім спорт мектептерінің түлектерін тартты. «Олардың патриоттығы, өздерінің шеберлігін дәлелдеуге деген ұмтылысы, өзінің командасын Қазақстан чемпионатының жүлдегері қатарында көруге деген талпынысы қол жеткен табыстың кепілі бола алды», - деп облыс әкімі атап көрсетті. Өз кезегінде футболшылар команданың бұдан кейін де жүлделі биіктіктерде көріне беретініе сенім білдіріп, ол үшін командаға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. «Команда мұқтаждығына тек былтыр ғана облыс бюджетінен Т900 млн қаражат бөлінді. Клубтың басқа көліктерін айтпағанда өз ұшағы бар», - деді әкімнің баспасөз қызметінен. Дереккөз: ҚазТАГ
Біздің серіктес: FONBET