Жарнама
Жарнама

“Жетісу” - “Қайрат” : Алматы төрінде 3 ұпай кімге бұйырады?

Бүгін, 07:18

Бүгін, 21 наурыз сағат 15:00-де Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында ҚПЛ-дың 3-турындағы ең қызықты кездесулердің бірі өтеді. Екі турдан кейін ұпай жоғалтпаған "Қайрат" пен мінез көрсетіп үлгерген "Жетісу" өзара мықтыны анықтайды.

Жарнама
Жарнама

Бұл матчқа командалар мүлде бөлек жағдаймен келіп отыр. “Қайрат” маусымды екі жеңіспен бастады. 7 наурызда “Алтайды” 1:0, 16 наурызда “Ақтөбені” 1:0 ұтты. Ал “Жетісу” әуелі “Астанаға” 1:4 есебімен есе жіберіп, кейін 16 наурызда “Тобылмен” сырт алаңда 2:2 ойнап, алғашқы ұпайын алған. Яғни Алматылықтар әзірге алты ұпаймен, гол жібермеген күйде келе жатса, Талдықорғандықтар екі турдан кейін бір ұпай және 3:6 доп айырмасына ие.  

“Қайрат” сапынан бірінші турда жеңіс голын Жоржиньо 64-минутта соқты, ал “Ақтөбеге” қарсы матчта 76-минутта Дастан Сәтпаев шешуші голдың авторы атанды. Екі матчта да есеп 1:0 болды, демек Уразбахтин командасы әзірге жоғары қарқында шабуылдап емес, ойынды бақылап, сәтін күтіп, соны ұпайға айналдырып жүр.  

Бұл жерде “Қайраттың” тағы бір артықшылығы — құрамы. Маусым басындағы екі “құрғақ” жеңіс осы сапаның тәртіппен ұштасып жатқанын аңғартады.  

“Жетісудың” жағдайы күрделірек. “Астанаға” қарсы ойында команда төрт гол жіберіп алды, жалғыз допты Марко Зиванович соқты. Алайда екінші турда “Тобылға” қарсы 0:2-ден камбэк жасап, Мәди Жақыпбаевтың голы мен Серікжан Мұжықовтың 90+7-дегі пенальтиінен кейін 2:2 тең түсті. Бұл — Нұрдәулетов командасының мінезі барын, әсіресе матч соңында күресті тоқтатпайтынын көрсетеді.  

Құрамдық тұрғыдан “Жетісуэ да тәжірибесіз емес. Серікжан Мұжықов, Руслан Болов, Виктор Брага, Данияр Үсенов және басқа ойыншылар бар. Бірақ маусым басындағы екі матч бір мәселені ашып қойғандай. Қорғаныс шебі қысым астында жиі ыдырап кетеді, ал қарсыластың позициялық шабуылына қарсы тұрақтылық әлі толық қалыптаспаған.  

Қос команда арасындағы соңғы 6 кездесудің 3-інде “Қайрат”, 1-інде “Жетісу” жеңіп, 2 матч тең аяқталған. Гол айырмасы да “Қайрат” пайдасында — 13:7.

Матчтың тағдыры ойын қарқынына тікелей байланысты. Егер "Жетісу” орталықты бекітіп, Мұжықовтың тәжірибесіне сүйеніп, ойынды баяулатса, "Қайратқа” қиын соғады. Бірақ ойын ашық сипат алса, алматылықтардың флангтағы жылдамдығы мен шеберлігі бірден білінеді. Қазіргі таңда "Қайрат" — өте жинақы, ал "Жетісу" — қорғанысы әлсіз болса да, мінезі мықты команда болып тұр.

Қорытындысында, бұл ойында фаворит — “Қайрат”. Бұған екі анық фактор бар: біріншісі — екі турдағы екі жеңіс және гол жібермеген қорғаныс. Екіншісі — соңғы жылдардағы артықшылық. Оған қоса чемпиондар өз қаласында ойнайды. Бірақ “Жетісуда” оңай шағыла салатын жаңғаз емес, өйткені “Тобылмен” ойындағы 0:2-ден кейінгі камбэк олардың мінезін көрсетті.

Aladop.kz болжамы: “Қайрат” жеңіске өте жақын, ең ықтимал есептер — 0:2 немесе 1:3. Ал егер “Жетісу” алғашқы голды соғып кетсе тең есеп те тіркелуі мүмкін.
 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров